Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары Марат Шоранов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында коронавирус инфекциясына тестілеуден тегін өте алатындарды хабарлады, деп жазады tengrinews.kz ақпарт ресурсы.
Марат Шоранов COVID-19 аса қауіпті инфекциялар тобына кіретінін атап өтті. Сондықтан коронавирусқа тестілеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек беру қатарына жатады
Қор басшысының орынбасарының айтуынша, коронавирустық инфекцияға тегін тестілеу жіті респираторлық ауру белгілері бар стационарда жатқан пациенттерге жасалады.
Сондай-ақ, Шорановтың айтуынша, тегін негізде COVID-19 тестінен өтуге жүкті әйелдер, эндокриндік, кардиологиялық және пульмонологиялық бөлімшелерге түсетін адамдар құқылы.
Бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов індет жағдайы тұрақтанғаннан кейін, республикада азаматтарды коронавирусқа тестілеуге тұрақты түрде болатынын айтты.
Елжан Біртанов COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарды кепілді әлеуметтік көмек аясында тегін негізде, ал жұмыс істейтін және сақтандырылған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тестілеу жоспарланғанын атап өтті.
Сурет: inform.kz