5-6 маусымда Моңғолия астанасында «Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша Ұлан-Батор диалогы» атты 6-шы халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Монцамэ.Іс-шараның негізгі тақырыптары «Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік ортасы: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер», «ІАҚ-тағы ынтымақтастық және бәсекелестік динамикасы» және «ІАҚ-дағы энергетикалық ынтымақтастықтың болашағы», «ІАҚ-дағы гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық» және «Жастар, ІАҚ-дағы бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыптарына арналған 3 секциялық отырыс болады.
Конференцияға Моңғолия, РФ, КХДР, ҚР, ҚХР, Жапония сияқты Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің делегацияларымен қатар 200-ден астам отандық және шетелдік өкілдер, ғалымдар, АҚШ, ЕО, Канада және басқа да халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде.