Жер құқығы саласындағы қазақстандық заңгер Бақытжан Базарбек Bek Air авиакомпаниясының ұшағы соғылған үй бұзушылықтармен салынғанын мәлімдеді.
Сарапшының айтуынша, заңға сәйкес, тұрғын үйлерді әуежайдан кем дегенде үш шақырым жерде салу қажет, алайда ұшақ соғылған ғимарат авиаайлақтан шамамен екі-үш жүз метр жерде орналасқан.
Қазақстандық заңгердің пікірінше, тұрғын үй-жайлар салынған жер тек ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған, бірақ қазір онда ондаған үй бар.
Алматы әкімдігінде, өз кезегінде, қазіргі таңда бұл мәселе шешіліп жатқанын айтты. Бұл үшін құрылыстардың заңды не заңсыз тұрғызылғанын тексеретін арнайы топ құрылды.
Бұған дейін осы мәселе бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыстардың заңдылығын қадағалау органы бақылап, тергеу жүргізетінін айтқан болатын
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы облысында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі бар жолаушылар лайнері апатқа ұшырады. Әуе апатынан 12 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды.
Сурет: nur.kz