“Қазақмыстың” бір кәсіпорнында коронавирус ауруы тіркелді. “Нұрқазған” кенішінде 15 адам ауырған. Бұл туралы Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров хабарлады.
Ол Теміртау мен Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде карантиндік шаралар күшейтілгенін атап өтті.
“Ботақара кентінде 10 оқиға тіркелген, олардың ішінде 205 – сі байланыста болған, олардың 77 – сі байланыс бойынша, 128 – сі әлеуетті. Сонымен қатар, “Қазақмыс – Нұрқазған “корпорациясы”АҚ қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен топтық ауру тіркелген. 17 мамырдағы жағдай бойынша осы кәсіпорында 15 жағдай тіркелді. Бірінші жағдай 6 мамырда тіркелді”, – деді Асқаров.
Оның айтуынша, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ботақар кентінде карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, тұрғындарға үйден аса қажетсіз шығуға тыйым салынады және блокпосталар орнатылады.