Медицина қызметкерлері жұмыс орнында коронавирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда ақшалай үстемеақы алуды жалғастырады. Бұл туралы министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге үстеме ағымдағы жылдың тамыз айына дейін төленеді.
“Пысықталған барлық ережелер күн тәртібінен алынбайды. Комиссияның шешімімен әрбір жағдай қарастырылуы тиіс. Расталған жағдайда міндетті түрде төлем жалғасады”,-деп премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері сырқаттанғандардың жалпы санының 11% астамын құрайды. Бұл шамамен бес мың адам. Пандемия басталғаннан бері Қазақстан аумағында вирусдан он сегіз дәрігер қаза тапты.