Алматыда коронавирус ауруымен ауырғандардың бірі инфекцияны жұқтырғаннан кейін байланыс жасаған адамдардың есімдерін атаудан бас тартты. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нәтижесінде, әйел “санитарлық ережелердің немесе гигиеналық нормативтердің бұзылуы, абайсызда жаппай ауруға, адамдардың зақымдануына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан”бабына сәйкес қылмыс белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қала полициясы азаматтарды коронавирусты анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.