Коронавирус болмаған Қазақстанның жалғыз өңірі болған Қостанай облысында жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлады.
Біздің республикамызда коронавирус ауруының 6 жаңа оқиғасы анықталды, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында- 2, Түркістан облысында – 3.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығя 460 жағдайы тіркелді, саны бойынша ең көп Нұр-Сұлтан – 199 жағдай.
Бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов Қостанай облысында вирустың тіркелмеуіне байланысты ойын білдірген болатын. Оның айтуынша, бұл феномен емес, барлығы адамдардың қозғалу трафигіне, карантин шараларының тиімділігіне байланысты.
Сонымен қатар Біртанов Қостанай облысының медицина қызметкерлері толық дайын және коронавирус инфекциясы пайда болған жағдайда оны тиімді шеше алатынына сендірді.
Сурет: vesty.co.il