Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтамалар “электрондық үкімет”порталы арқылы берілетінін хабарлады.
Анықтамалар тегін беріледі, бұрын олар ақылы болды және оларды тек мамандандырылған медициналық мекемелерде ала алатын.
Қазір анықтама алу үшін күту уақыты небәрі 15 минут. Анықтама алу бойынша қызметтер eGov.kz”сайтында, “Жеке кабинетте” қолжетімді болады.
Тіркелу үшін, “Денсаулық сақтау” бөліміне өтіп, таңдау керек:
– Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама алу;
– Наркологиялық ұйымнан анықтама алу;
– Психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу.
Денсаулық сақтау министрлігінде барлығы 22 қызмет цифрландырылды.
Сулет: tengrinews.kz