Қазақстан Үкіметі 2021 жылға арналған бюджетті нақтылады. Тағы 265 млрд теңге коронавирус індетімен күреске бағытталады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бюджетті нақтылау кезінде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары, мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмалары ескерілді. Осы бағыттар бойынша бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылып, 15,3 трлн теңгені құрады.
Эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 млрд теңге, оның ішінде карантиндік іс-шараларды атқаруға тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге — 70 млрд теңге және МККК шеңберінде медициналық қызметтерді төлеуге – 80 млрд теңге бөлінді”, – деп хабарлады министр.