Ақмола облысы Бурабай ауданында Кенесар су қоймасының бөгеті бұзылды. Оқиға сағат 4:25-те орын алды, деп хабарлайды 24.kz.
Судың облыс орталығына жетуі қаупі бар, өйткені су қоймасы Көкшетаудан 30 шақырым жерде орналасқан.
“Су шын мәнінде облыс орталығына келуі мүмкін. Мамандар бұл кем дегенде 2,5 миллион текше су болуы мүмкін деп ескертеді. Көкшетауда бірнеше көшелерді су басу қаупі бар, өйткені су Қылшақты, Шағалалы өзендеріне, ал сол жерден облыс орталығындағы Қопа көліне ағуы мүмкін. Қандай да болжамдар айту қиын, жағдай бақылауда дейді мамандар.”- деп хабарлайды тілші.
Көктемгі су тасқыны кезінде жолдар, тұрғын үйлер, бөгеттер сияқты көптеген инфрақұрылымдар зардап шегуде. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жергілікті тұрғындарды болуы мүмкін оқиғалар туралы ескерту жасап, халықтың өмірі мен тыныштығын сақтауға барлық қауіпсіздік шараларын қолданады.
Сурет: bnews.kz