Қысқы каникул алдында сенаторлар орта және шағын бизнес үшін салықтық рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарастыра бастады.
Сенаторлардың айтуынша, егер заң алдағы күндері қабылданатын болса, рақымшылық 2019 жылдың наурызында басталады.
Заң жобасында ШОБ субъектілері 2018 жылдың 1 қазанына дейін негізгі салық берешегін өтесе, оларға өсім мен айыппұл төлемейді деген ереже бар. 1 қазанға дейін Қазақстанның шағын және орта бизнесі мемлекеттік бюджетке 340 млрд теңгеден астам қарыз. Мемлекет 130 млрд.теңгеге борыштарды есептен шығаруға дайын.
Барлығы 31 мыңға жуық шағын және орта кәсіпорындар, сондай-ақ 59 мыңға жуық жеке кәсіпкерлер салықтық рақымшылық жасауға жатады.
Сулет: 365info.kz