«Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ базасында мемлекет елдегі ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қаржыландыру мәселелерін шешу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру жоспарлануда. Бұл туралы time.kz хабарлайды.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы қорды құру Қазақстанның отандық ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін ақшалай қолдау арқылы елдің қорғаныс-өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуде мемлекеттің қажеттілігіне негізделген.
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан инжиниринг «(Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» АҚ базасында қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру», – делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Айта кетейік, қазіргі таңда ұсыныс 25 шілдеге дейін қарауға енгізілді.
Сурет: kursiv.kz