ТМД-ға мүше мемлекеттер ағымдағы жылы “Каспий-Антитеррор”бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді. Оқу-жаттығу кезінде Каспий өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тетіктерді пысықтау жоспарлануда, деп Достастықтың терроризмге қарсы орталығының ақпараттық бөлімі хабарлады.
Ресей астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің терроризмге қарсы орталықтары басшыларының кеңесі аясында ұйымға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызметтері өкілдерінің кездесуі өтті.
Тараптар “Каспий-Антитеррор-2020” терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын дайындауды талқылады.
Бүгінгі таңда елдер әскери іс-шара сценарийін дайындауды жүзеге асыруда, сондай-ақ олар қатысушылардың құрамын анықтайды, деді ТМД Терроризмге қарсы орталығының басшысы Андрей Новиков.
Бұл кездесуге ұйымның барлық елдерінің, оның ішінде Қазақстанның қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің басшылары қатысты.
Олармен бірге Кеңеске Достастыққа мүше мемлекеттердің салалық өзара іс-қимыл органдарының, мемлекетаралық авиакомитеттің, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының өкілдері де қатысты.
Сурет: сis.minsk.by