“Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанда шағын және орта бизнестің 28 мыңнан астам қызметкері қысқартылып, жалақысы сақталмайтын демалысқа 34 мыңнан астам адам жіберілгенін мәлімдеді.
“Бизнестің ақпараты бойынша 28 мыңға жуық қызметкер немесе жалпы санының 14,5% – ы қысқарды. Шымкент, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ең көп қысқарту”, — деді Мырзахметов.
Ол қызметкерлердің қысқаруының ең үлкен пайызы қоғамдық тамақтану, тұру және жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында байқалатынын атап өтті.
“Жалақы сақталмайтын демалысқа 34 мыңға жуық қызметкер жіберілді. Ең көп Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында. Мұндай қызметкерлердің көпшілігі ойын-сауық және демалыс, туризм, қоғамдық тамақтану салаларында”, – деп атап өтті ҰКП басшысы.
Сурет: mail.kz