Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев өңір басшысының орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа қатысты қылмыстық іс ашылуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы nur.kz ақпарат агенттігі жазады.
Шенеуніктерді ұсталғандары туралы ақпарат желіде 10 қыркүйекте пайда болды. Ол мәлімет бойынша, Таубаев пен Басаров сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, атап айтқанда 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Оларға құрылыс компаниясына тендерде жеңіске жетуге көмектескені үшін ақша берген.
Сонымен қатар, Таубаев пен Басаровты Атырауға Нұр-Сұлтаннан келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлердің арнайы тобы ұстағаны хабарланды.
Сот өкілі, өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының бастығы пара алды деп күдікке ілінгенін айтты.
Боранбай Ғалиев те қазіргі уақытта екі шенеунік екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторында отырғанын айтты. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу рәсімдері жүргізілуде.
Сурет: nur.kz