Қазақстанда ет бағасы айтарлықтай қымбаттауда, сарапшылар нарыққа талдау жасап, осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды ktk.kz ақпараттық агенттік.
Сиыр еті, шошқа еті және қой еті 1.5%-ға, тауық еті мен жылқы еті 0.5%-ға қымбаттады. Алайда, бұл бір айдағы көрсеткіштер ғана емес, бір жылдағы жалпы көрсеткіштер де көңілге қонымды емес. Мысалы, тауық 15%-ға, жылқы 9%-ға, шошқа 6%-ға өсті.
Сарапшылар ет өнімдеріне деген бағаның күрт өзгеруі, оның экспортынан туындады деген қорытындыға келді. Жақын арада бағалардың тағы да көтерілуінің үлкен ықтималы бар.
Ет дүкендері желісінің иесі Айгүл Исаева: “Жыл басында сиыр еті 1300 теңге болды. Бүгінде 1500-1600 тұрады. Егер ертең Иранға экспорттайтын болса, көтерме сауда бағасы 2200-2300 теңге болады. Демек, сөрелерде 3500 тұратын болады. Иран, әрине, 6 доллар деп өз бағасын берді. Бұл қой еті үшін 2200, 2300. Тиісінше, барлық фермерлерге сонда тапсырған пайдалы. Және фермерлердің еңбегі өте ауыр екенін түсінемін”.