Жұмысшылар алдын ала газ беруді өшірмей, дәнекерлеумен айналысқан. Нәтижесінде үш балкон мен бес қабатты үйдің шатыры жанып кетті. Оқиға Талғар қаласында болды.
Куәгерлердің мәлімдеуінше, өрт шыққан пәтерлердің бірінде балалар болған, бірақ олар үйден қашып кеткен. Зардап шеккендер туралы мәлімет әлі түскен жоқ.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: “6 ақпан күні сағат 12:33-те өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы бес қабатты үйдегі өрт ошағы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген соң, өрт сөндірушілер екінші қабаттағы жалынмен қамтылған балконды көрді. Өрт сөндірушілер 35 адамды эвакуациялады, оның ішінде 12 бала және 1 адам құтқарылды. Өрт сағат 12: 47-де ауыздықталды, ал сағат 13:11-де сөндірілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”.
Сурет: total.kz