Mistral Energy ЖШС Қытай инвесторының қатысуымен Universal Energy Алматы облысының Іле ауданында күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр. “Электр станциясы құрылысының мәлімделген құны 15,56 млрд теңгені құрайды. Күн электр станциясының қуаттылығы 50 МВт құрайды”, – деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан.
Жобаның іске қосылуы өңірдің энергия қуатын жүзеге асыруға және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың заманауи технологияларын енгізуге үлес қосады.
Станцияны пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған.
Mistral Energy ЖШС 2018 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі түрі-электр энергиясын өндіру.
Қытай Universal Energy “жасыл” энергия саласындағы инвестицияларға, әзірлемелерге, құрылыстарға, пайдалануға және қызмет көрсетуге маманданған.
Сурет: inbusiness.kz