Қазақстандық әлеуметтік желілерде біздің республикамызда пойыз жолаушылары сауалнама толтырғанда коронавирусқа қарсы чиптеуге келісетіні туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат бойынша көліктегі бас қазақстандық санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пікір білдірді.
Сандәрігердің айтуынша, оның қаулысына сәйкес поездарда, коронавирус анықталған жағдайда жолаушылармен байланыста болған адамдарға эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін азаматтарға сауалнама жүргізіледі.
Алайда, Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, сауалнамада чиптеу туралы сөз жоқ. Ол әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.
Көліктегі бас санитарлық дәрігер Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе бір жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге түрмеге қамау түріндегі жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Сурет: etcetera.media