Ертеңнен бастап Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес Көкшетауда тағы да бақылау-өткізу пункттері орнатылады.
Ақмола облыстық басқармасында бақылау-өткізу пунктерін қоюмен қатар, Көкшетауда карантин шараларын күшейтеді, атап айтқанда азық-түлік дүкендерінің жұмыс күнін қысқартады, басқа сауда нысандарының, сондай-ақ спорттық және діни ұйымдардың жұмысына шектеу енгізеді.
Көкшетауда карантинді күшейту бойынша санитарлық қызмет өткен аптада қалада 42 жаңа жұқтыру жағдайы анықталғанын айтты.
Сондықтан індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту және қайтадан бақылау-өткізу пунктерін қою туралы шешім қабылданды.
Санитарлық қызметте Көкшетау тұрғындарын енгізілген шараларға түсіністікпен қарауға, сондай-ақ белгіленген санитарлық нормаларды сақтауға және қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ақмола облысында COVID-19 жұқтырудың 193 жағдайы тіркелді, Қазақстан Республикасында олардың жалпы саны 14496-ға жетті.