Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың қатысуымен кеңес өтті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңес барысында Көкшетауда сынақ режимінде сервистік полиция іске қосылатыны атап өтілді. Көкшетау қалалық полиция қызметкерлері біздің елімізде бірінші болып өз жұмысында сервистік полиция моделін қолдана бастады.
Қазақстандық мамандар енгізілген жаңашылдық полиция қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін және қала тұрғындарының сенімін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.
“Әрине, бұл тәжірибе алмасу, полиция қызметі саласындағы әлемдік, ең озық тәжірибені зерделеу. Осы екі күн ішінде дайындалатын ұсыныстар полиция қызметінің сервистік моделін құру мен реформалаудағы постулаттардың бірі ретінде пайдаланылады”, – деді Қожаев.
Сурет: 24.kz