Желіде Қазақстанға қатысты тыңшылық әрекеттер туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовтің мақаласы пайда болды. Бұл туралы tengrinews.kz ақпарат агенттігі жазады.
Кәрім Мәсімов “Ұлттық мүдделерді қорғауда” мақаласында біздің еліміз әлі күнге дейін әлемдік державалардың назарында қалып отырғанын жазды. Осыған байланысты саяси, экономикалық және қорғаныс сипатындағы құпия ақпарат алуға бағытталған шетелдік арнайы қызметтер Қазақстанға қызығушылық танытуда.
ҰҚК басшысы Қазақстан Республикасында ішкі саяси жағдайды әлсірету әрекеттері тіркеліп отырғанын, алайда барлау акцияларын болдырмау туралы айту әлі ерте екенін атап өтті.
“Елдің саяси тұрақтылығына, экономикалық әл-ауқатына және қорғаныс әлеуетіне нұқсан келтіруге бағытталған бірқатар барлау акцияларының алдын алу туралы ашық айту уақыты әлі келген жоқ”, – деді Мәсімов.
Өз мақаласында Кәрім Мәсімов біздің республикамызда қарсы барлау режимін жетілдіру тұрақты негізде жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті.