Нұр-Сұлтандағы Израиль елшілігінің өкілдері өздерінің дипломатиялық миссияларының тоқтатылғаны туралы хабарлады. Бұл шешім Израиль дипломаттарының ереуіліне байланысты қабылданды. Бұл туралы Израиль сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Израиль Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Израильдің консулдықтары мен елшіліктері тек Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде де жабылды.
Израиль елшіліктерінің жабылуының басты себебі Израиль Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволар қызметкерлерінің шығындарын қысқарту болып табылады. Сонымен қатар, осы елдің қаржы министрлігі түбіртектермен бекітілмеген дипломаттардың өкілдік шығындарынан салық өндіріп алуды шешті.
“Біз Израиль мемлекетінің халықаралық мәртебесі мен қуатын нығайту үшін үнемі және күн сайын жұмыс істеп келеміз. Өкінішке орай, қаржы министрлігінің іс-әрекеттері осы жұмыстың табысты болуы үшін қажетті қаражат пен құралдарға зиян келтіретіндіктен, бізде өзге таңдау қалмады. Біз бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеміз”, – деп хабарлады Израиль ведомствосы.
Сурет: Stmegi.com