Қазақстан Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев ведомствода сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы informburo.kz жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Тұрғынбаев министрлікте сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылданып жатқанын, бұған ІІМ-де сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылылар санының 34%-ға азайғаны дәлел екенін айтты
“Әрбір сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық оқиғасын төтенше жағдай деп бағалаймыз. Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартамыз. Олардың тікелей басшылары да жауапты”, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында құқық қорғау ведомствосында сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізіліп, халықпен байланыс барынша азайтылып, қызметкерлерді іріктеуге қойылатын талаптар артқанын атап өтті.
ІІМ басшысы ведомство қызметкерлерінің негізгі бөлігі азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін адал орындайды, осыған байланысты министрлікте адал мамандарды сақтауға бағытталған жүйелі шаралар көзделген.
Сурет: kp.kz