Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаевпен кездесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның құқық қорғау ведомствосының ағымдағы қызметі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.
Ішкі істер министрі биылғы жылы Қазақстанда қылмыс 15%-ға төмендеді, ауыр қылмыстарды ашу 77,5%-ды, ал аса ауыр қылмыстарды ашу 88%-ды құрағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, құқық қорғау ведомствосының басшысы Назарбаевқа жұртшылықтың полицияға сенім деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Тұрғымбаев бұл іс-шаралар ішкі істер министрлігінің реформасы аясында өткізіліп отырғанын атап өтті.
Сурет: elbazy.kz