Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Ішкі істер министрі Алматыда медицина қызметкерлерінің қамауға алынуы бойынша түсініктеме берді

6 года назад
Министр внутренних дел прокомментировал громкие аресты медработников в Алматы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев еліміздің оңтүстік астанасындағы медицина қызметкерлерінің қамауға алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметі.

«Бұл туралы айттылды. Біріншіден, ішкі істер министрлігі де, Серік Құдебаевтың баласы жұмыс істеген прокуратура да тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган — экономикалық тергеу қызметі жүргізді. Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да қысым болған жоқ. Бұл орган өзі шешім қабылдады, сіздер білесіздер, санкцияларды тек сот қана береді», — деді Тұрғынбаев.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Құдебаевтың Алматыда дәрігерлерді қамауға алуға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Тұрғымбаев азаматтарды ұстау қандай жағдайда жүргізілетінін айтты.

«Бұл әрдайым тұтқындау жүргізіледі деген емес. Бізде кінәсіздік презумпциясы принципі бар. Тек сот үкімімен ғана қылмыс жасады деп айып шығарылады. Егер тергеу органында бұл адам тергеуден жасырынуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болса, не өз лауазымдық өкілеттіктермен тергеуге кедергі келтірсе ұсталуы мүмкін, біздің заңда жазылған. Неге бұл істі ІІМ тергеген жоқ, бұл істі неге экономикалық тергеу қызметі тергеді,себебін,неге ондай шешім қабылданғанын мен айта алмаймын», — деп түсіндірді министр.

Соңында Қазақстанның құқық қорғау ведомствосының басшысы бұл істі неге экономикалық тергеу қызметі тергегенін айтты.

«Мүдделі немесе аталған қызметкерлер басқа органдарда басшылық ететін адамдармен туыстық қарым-қатынаста болса, үшінші құқық қорғау органына беру туралы шешім қабылданады. Мұнда үшінші шешім — экономикалық шешімдер қызметіне беруді қабылдады. Прокуратура осындай шешім қабылдады», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сурет: zakon.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тоқаев Иран президентімен кездесті

Келесі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің бас хатшысымен кездесті

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.