ҚР азаматшасы “Хоргос” БӨП арқылы смартфондар құралдары мен дәрі-дәрмек өткізбек болған, деп хабарлайды NUR.KZ ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қауіпсіздік қызметкерлері хабарлағандай, бейсенбі күні кешке олар “күдікті әйелге” назар аударды. Оны тексеруді шешкен олар, әйелдің жолжүгінен Iphonнің мыңнан астам жиынтықтаушы бөлшектерін тапты.
Бұдан басқа, Қазақстанға кіру залын аралап, шекара қызметкерлері “LAND ROVER” маркалы жүз ұялы телефон, 88 килограммнан астам қытайлық медициналық дәрі-дәрмектерден тұратын иесіз жүкті тапты.
Тауарларды “Алтынкөл” кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырды.
Сурет: ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі