“Қазтехнология” кәсіпорны Түркия Республикасының аумағына қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізуді жүзеге асырмаған. Бұл туралы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Moston Engineering LTD шетелдік компаниясының Түркия Республикасына қару-жарақ пен оқ-дәрілерді экспорттауына қатысты сауалдарды қарастырып, келесіні хабарлайды. “Қазтехнология” компаниясы Түркияға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізуді жүзеге асырған жоқ”, – деп ведомствода мәлімдеді.
Индустрия министрлігі сонымен қатар 2018 және 2019 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Moston компаниясына Түркияға оқ-дәрілерді жеткізуге лицензия алудан екі рет дәлелді түрде бас тартқанын қосты.
Өткен жылдың 1 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Moston шетелдік компаниясымен өзара іс-қимыл жасалмайды, деп ведомство сендірді.
Қазақстан Республикасында халықаралық заңнама базасында әскери жанжалдардың шиеленісуіне әкеп соғуы мүмкін қаруды экспорттау кезінде орын алып отырған қатерлерді жоюға мүмкіндік беретін экспорттық бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Сурет: ru.sputnik.kz