ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Роман Скляр баспасөз мәслихатында Шамалған станциясында жеке жол өтпесін салу жоспары туралы әңгімеледі.
Роман Скляр бұл өткелден күн сайын 65 пойыз өтетінін, ал автомобиль көлігі қозғалысының қарқындылығы 10 мың автомобильден асатынын айтты.
“Әрине, бұл учаскеде көпір мен жол өтпесін салу қажет. Алайда, жол өтпесін салу үшін дәл осы жерде 70-ке жуық жеке үй мен 2 жанар май құю станциясын бұзу қажет, бұл бюджетті үлкен шығынынға алып келеді”, – деді Скляр.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жол өтпесі құрылысының мерзімі туралы хабарлады. Оның айтуынша, жоба келесі жылы іске асырыла бастайды.
“Автомобиль магистралімен қамтамасыз ету автомобиль жолы бірінші, екінші және үшінші санатта болған жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.Шамалғанда екінші техникалық санаттағы автожол. Біз келесі жылы жол өткелі көпірін жобалау мен салуды бастауды жоспарлап отырмыз, бірақ дәл осы өткелде емес, сәл шетте,үй құрылысы аз болатын жерде”, – деді министр.