Факты истории

Індет кезінде пайда табуды көздеген қырықтан астам елордалық дәріхана жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура қызметкерлері Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы tengrinews.kz ақпарат агенттігі жазады.

Өткен аптада мобильді топ елордада жеке тұлғаларға дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарын заңсыз қайта сатудың 56 фактісін анықтады.

Қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың, сондай-ақ елімізде тіркелмеген медициналық дәрі-дәрмектерді сатудың 107 фактісі тіркелді.

Осы фактілер бойынша, Нұр-Сұлтан прокуратурасының мәліметінше, 201 әкімшілік іс, оның екеуі «Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет» 424-бап бойынша ашылды

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында 44 дәріхана дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың әрқайсысына 180 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қадағалау органы елордада медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілерін анықтауға бағытталған жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны 13348 құрайды. Қазақстанда жалпы 100855 жағдай тіркелді.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости