Қазақстандық Allur Group компаниясы мен ресейлік “Татнефть” Қарағанды облысында жеңіл автокөліктер мен қоғамдық көліктерге арналған шиналар өндірісін жолға қоюды көздеп отыр. Сарандағы зауыт жылына 3 млн 600 мың шина шығарады және мыңға жуық қазақстандыққа жұмыс береді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов мәлімдеді. Ол бірлескен өндіріс арзан шиналарға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыратынын айтты. Бұл жобаны іске асыру импортты алмастыру және өндірісті оқшаулау, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту жолындағы қадам болады.
“Индустрияландыру картасына енген бұл жобаға мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы жобаны іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды, жобаның құрылымы мен өзара іс-қимыл моделі анықталды. Жоба “ҚДБ-Лизинг” АҚ – ның 2020 жылға арналған жобалар пулына енгізілген”,-деп мәлімдеді вице-министр.
Сурет: ortcom.kz