Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев біздің елімізде жалған ақпарат тарату туралы айтып, осындай әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салды, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Атап айтқанда, Тұрғынбаев Қазақстанда ұшақ және тікұшақтармен биологиялық қару мен вирусты шашу туралы сөз қозғады.
“Әрине, бұл – өтірік және арандату. ІІМ Тергеу департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тексеру көрсеткендей, бұл факт шетелде өрт сөндіру кезінде орын алған. Бұған сондай-ақ ұшақтардағы тану белгілері, өрт сөндіру қызметінің автокөліктеріндегі нөмірлік белгілер және өрт сөндірушілердің ағылшын тіліндегі сөздері дәлел бола алады”, – деді министр.
Республиканың құқық қорғау ведомствосы басшысының айтуынша, Қазақстанда жалған ақпаратты тарату мәніне тұрақты түрде әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіледі.
Министр азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды және біздің республикамызда жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілікке, атап айтқанда бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге түрмеге қамау қарастырылғанын ерекше атап өтті.