Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев елдің құқық қорғау ведомствосы өкілдерінің қатысуымен коронавирусқа байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі.
Кеңеске полиция ведомстволарының, төтенше жағдайлар департаменттерінің және қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылатынын мәлімдеді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жасалады.
Атап айтқанда, құқық тәртібін қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі, елдің Ұлттық Ұланы мен полицияның жаяу нарядтарының саны артады. Сонымен қатар стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді қорғау күшейтілуде.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің шетелге кандай да болмасын сапарлары мен қызметтік іссапарлары тоқтатылды. Сондай-ақ, Қазақстанда көптеген азаматтар қатысатын кездесулер мен іс-шаралар өткізілмейтін болды.
Ішкі істер министрі қазір құқық қорғау ведомствосы мен оның бөлімшелері мен Денсаулық сақтау органдарының жұмысын жедел және нақты үйлестіру қажеттігін атап өтті.