Келесі жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының сарапшылары біздің республикадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға бірінші рет баға беруге ниетті. Бұл туралы ұйымның атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито мәлімдеді.
Хатшының айтуынша, халықаралық ұйым жыл сайын оның барлық қатысушы-елдерінің өткен жылғы қызметін бағалап, есеп жариялайды.
Джанлука Эспозито сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болу біздің елге жылына 10-15 мың еуро болатынын атап өтті. Ол ұйымға кірудің арқасында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейі артып қана қоймай, бизнес-климат жақсаратынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының өкілі ұйымның қызметі туралы, оның қандай мәселелерге назар аударатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы ел қабылдаған немесе қабылдамаған нақты шараларды қарастырады. Олар қаншалықты тиімді жүзеге асырады-немесе асыра алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жүйе қандай нәтижелерге жетеді? Осылар арқылы елдер бағаланады”, – деді ол.
Бұл халықаралық ұйымды Еуропа Кеңесі 1999 жылы құрды. Біздің республика оған осы жылдың 1 қаңтарынан кірді. Қазіргі уақытта 47 ел сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының мүшесі болып табылады.
Сурет: 24.kz