UFC президенті Дэйна Уайт аралас жекпе-жектен ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы кездесуінен 50 миллион доллар алуына болады деп есептейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Уайт ресейлік спортшының талаптарын орындауға болатынынына күмән келтірместен “әрине” деп жауап қайтарды. “Олар өздері үшін ненің дұрыс екенін біледі. Олар бұл сұрақтың жауабын да біледі”, – деп жазған MMAFighting.com Twitter әлеуметтік желісінде UFC басшысының сөзін.
Еске сала кетейік, Нурмагомедов 6 қазанда АҚШ-та өткен UFC 229 турнирі аясында ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атағын қорғап қалды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жекпе-жек нәтижесі бойынша МакГрегордың табысы 50 миллион доллар болған. Кейін Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз келесі жекпе-жекте Хабибтің табысы осындай болатынына сеніп отырғанын мәлімдеген.