Қарағанды облысына, Жезқазғанға жақын жерде бортында үш ғарышкері бар “Союз МС-15” ғарыш кемесінің жерге қону аппараты қонды. Бұл туралы nur.kz ақпарат агенттігі жазады.
Халықаралық ғарыш станциясынан Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка, сондай-ақ NASA астронавтары Эндрю Морган және Джессика Мейір Жерге оралды.
Ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка Джессика Меир сияқты , өткен жылдың 25 қыркүйегінен бастап ғарышта, ал астронавт Эндрю Морган сол жылдың 20 шілдесінен бастап орбитада болды.
Ғарышкерлерді көшіру қысқартылған сценарий бойынша өтеді. Қонғаннан кейін, оларды тікұшақпен Байқоңыр ғарыш айлағы апарады. Медициналық тексеруден үшеуі де ұшу кезінде өтеді.
Бұрынырақ хабарланғандай, Орталық әскери округінің іздестіру-құтқару тобының мамандары Қазақстан Республикасында “Союз МС-15” ғарыш кемесінің жерге қону аппаратын отырғызу жоспарланған аудандарға барлау жүргізді.
Бұл барлау ғарышкерлерді эвакуациялау үшін арнайы ең жақсы техниканың жүрү бағыттарын анықтау үшін жүргізілді.
Сурет: nur.kz