«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының өкілдері «Союз МС-17» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына қонып, ХҒС-қа ұшу жылдамдығы бойынша — шамамен үш сағат жеті минут — рекорд орнатты.
Басқарылатын кемеде ХҒС-қа Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Сергей Куд-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс келді. «Союз МС-17» мен станция арасындағы қысым теңестірілгеннен кейін экипаж ХҒС-қа ауыса алады.
Ресейлік ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясында 177 күн болады. Осы уақыт ішінде оларға 55 ғылыми зерттеулер мен ғылыми тәжірибе жүргізу қажет болады, олардың 4-і мүлдем жаңа эксперимент.
Сондай-ақ, Сергей Рыжиков пен Сергей Куд-Сверчков екі рет ғарышқа шығады, біріншісі осы жылдың қараша айына, екіншісі 2021 жылдың ақпанына жоспарланған.
Бортында ғарышкерлері бар басқарылатын кеме бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:45-те Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Оны орбитаға «Союз-2.1 а» зымыран-тасығышы шығарды.
Қазіргі уақытта Байқоңырда «Наука» деп аталатын ХҒС-қа ресейлік ғылыми модульді ұшыруға дайындық жүріп жатыр. Роскосмостың айтуынша, оны ұшыру 2021 жылдың сәуіріне жоспарланған. Аппаратты ғарышқа «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен шығару жоспарланып отыр.
Сурет: roscosmos.ru