Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Attali and Associes қауымдастығының президенті Жак Атталимен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Француз саясаткері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сонымен қатар, біздің ел мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады.
Кездесу соңында Франция саясаткерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.
Сурет: akorda.kz