Еуропалық Одақтың сыртқы саяси қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.
Косьянчич Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас адам бостандықтары мен құқықтарына, демократиялық принциптерге және заңның үстемдігіне негізделгенін мәлімдеді.
Ол бұл қағидаттар ЕО мен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімімен бекітілгенін атап өтті.
Косьянчичтің айтуынша, Еуроодақ адал президенттік сайлауға үмітті.
“ЕО мен ҚР кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыруда ынтымақтастықты нығайтатын болады”, – деді Косьянчич.
Сурет: Википедия