Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жақын арада Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай стандарттарын қабылдау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің жобасы дайындалды, оған қол қойылады, содан кейін ЕАЭО қатысушы елдер ратификациялайды.
“ЕАЭО мемлекеттерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасы бойынша мемлекетішілік келісу аяқталды. Жақын арада жобаны ЕЭК алқасы мен кеңесі қарайды, содан кейін оны қол қойып, қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу үшін тараптарға жібереді”, – деп мәлімдеді бүгін ЕЭК экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Жақсылықов.
Бұл ақпарат ЕЭК орталық кеңсесінде өткен ЕАЭО мүше мемлекеттердің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі уәкілетті органдар өкілдерінің отырысында айтылды. Қазақстан министрі одақ елдері азаматтарының мүдделеріне қызмет ететін бірыңғай келісімді түпкілікті қабылдау процесін жеделдетуге шақырды.
“Келісім еңбекшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету, одақтың қай елінде жұмыс істегеніне қарамастан, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен тең жағдайда жүзеге асырылатынын қарастырады”, – деп атады өз баяндамасында.
Келісім жобасы шеңберінде еңбекшілердің өз аумағында істеген жұмыс өтілі кезеңіне ақы төлеу көзделеді. Әрине, ЕАЭО-ның әрбір елі өзінің ұлттық заңнамасына сүйене отырып зейнетақы сомасын анықтап, есептейді. Түпкілікті құжатта маңызды критерийлері нақтылау және зейнетақы төлемдерін есептеу көзделіп отыр.
Сондай-ақ, зейнетақыларды экспорттау, ЕАЭО-ның басқа еліндегі жұмыс істегендегі еңбек өтілін жалпы есепке алу мәселесін де реттеу көзделіп отыр.
ЕЭК қатысушылары мұндай бірыңғай келісімді қабылдау азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтеді және оларға ЕАЭО барлық аумағында зейнетақы алу құқығына кепілдік береді деп санайды.
Сулет: uralskweek.kz