Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың банкті Қазақстан мен Ресейдің ішкі нарығын дамытуға тарту туралы ұсынысына жауап берді.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңірлік ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде Еуразиялық даму банкіне бауырлас екі мемлекеттің шекаралық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жеке жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Амангелді Исеновтың айтуынша, Еуразиялық даму банкі осындай жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын.
“Қазақстан Президенті айтқан бағыттар Қазақстандағы ЕАДБ қызметін арттыру үшін қуатты серпін береді және Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі ынтымақтасудың айқын перспективасын қалыптастырады”, – деді ол.