Михаил Кылварт-Қазақстанның тумасы Эстония астанасының мэрі болды. Бұл туралы “Sputnik Эстония”агенттігі хабарлайды.
Таллиннің жаңа мэрін сайлау кеше, 11 сәуірде өтті.
Қылварт қала басшысы қызметіне жалғыз үміткер болды. Оны Таллинде басқаратын центристік партияның фракциясы постқа ұсынды.
Таллин қалалық жиналысында, барлық депутаттар Қазақстан тумасын қолдады.
Қылварт үшін 45 депутат дауыс берді. Бұл ретте кандидатураны бекіту үшін кемінде 40 дауыс алу қажет.
Қаланың қазіргі мэрі өзінің еркінімен отставкаға кету туралы жариялағаннан кейін, Қызылорда қаласының тұмасы Михаил Кылварт Таллиннің мэрі болды.
Сурет: Sputnik / Вадим Анцупов