Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі жаңа ұлттық үйлестіруші тағайындалды, енді бұл қызметті Әли Ерлік Шәкірұлы атқарады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Ерлік Әли, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды”, – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын ҚР ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметін Ерлан Әлімбаев атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Әлімбаев биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды.