Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Энергетика министрлігі ірі мұнай-газ компанияларына қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бұйрық берді

5 года назад
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын емдеуге алу ережелері қашан күшіне енетінін айтты

 

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Ақтөбе облысындағы мұнай компанияларындағы жағдайға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі сіздің шетелдік инвесторларға, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек құқықтарына, жалақы деңгейіне тексеру жүргізу және ол бойынша сәйкессіздіктерді жою, шетелдік жұмыс квоталары бойынша ұсыныстар қалыптастыру және Ақтөбе облысының мұнай компанияларындағы жағдайға байланысты шетелдік инвесторлардың Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау талаптары жөніндегі сұрауыңызды қарап, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің жанында мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия жұмыс істейді, оның құрамына энергетика министрлігінің өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығы атынан жұмыс берушілер, сондай-ақ салалық кәсіподақтар атынан қызметкерлердің өкілдері кіреді. Салалық комиссияның отырысы тоқсан сайын өткізіледі», — деп Нұрлан Ноғаев өз жауабында жазды.

Оның айтуынша, Салалық комиссия отырыстары аясында мұнай-газ саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, өңірлердегі еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер тыңдалады, мұнай-газ кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. «2019 жылғы 22 қарашада Салалық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды. Осы салалық келісімде 1,3 коэффициентімен бірінші разрядтың айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері ұлғайтылды. Қабылданған шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай – газ саласының бірінші разрядты қызметкерінің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (айлықақысының) ең төменгі мөлшерін 55 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осылайша бұл өсім республика бойынша айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖӨӨМ — 42 500 теңге) жоғары болды», — деп хабарлады министр. «Салалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын іске асыру үшін «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниялары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге және мердігерлік ұйымдарда наразылықтар акцияларының алдын алуға бағытталған кешенді іс — шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ еншілес тәуелді ұйымдарында әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», — деп Н. Ноғаев түйіндеді.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Нығматулин: еліміздің әйелдері оның дамуына үлкен үлес қосуда

Келесі

Тоқаев елде әйелдер құқығын қорғауға басымдық берілетінін айтты

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.