“Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы” ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА.
“Бізде қала бойынша бағаны тұрақтандырудың екі тетігі іске асырылуда: біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру, екіншісі – айналым тетігі бойынша жұмыс. Тұрақтандыру қоры бойынша ұн, күріш, қант сатып алынды. Бірақ биыл жалпы көлемнен қант қана қалды, ол іс жүзінде жүзеге асырылды”, — деді Гүлмира Ермолдина Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. Оның айтуынша, әкімдік екінші механизмге көп көңіл бөледі. “Бұл сауда желілеріне жеңілдетілген несие беру. Себебі өндірушілердің басым бөлігі өңірлерден, сондықтан біз халықтың неғұрлым кең тобын бағалар бойынша осы жеңілдетілген несиелеумен қамту үшін сауда желісіне басты назар аударамыз”, — деп қорытындылады спикер.