Астана әкімдігінің жанында Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге байланысты жақтаушылар мен қарсыластар төбелесіп қалды, деп хабарлайды “РИА Новости” ресейлік халықаралық ақпарат агенттігі.
Төбелес Наурыз мерекесі өтетін алаңда орын алды.
Ресми түсініктемелер,әзірге, жоқ. Куәгер төбелеске қатысқан жиырма адамның ұсталғаны туралы хабарлады.
Таяуда Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Астананы, Назарбаевтың құрметіне, Нұр-Сұлтан деп ауыстыруды ұсынды. Мәжіліс депутаттары Конституцияға сәйкес түзетулер енгізді, ал қалалық мәслихат депутаттары қайта аталуын қолдады.
Осыдан кейін Интернетте әкімдіктің жанында қайта атауға қарсы митинг ұйымдастыру және қаланың атын өзгертуге қарсы дауыс беруді ұсынатын онлайн-петиция болды.
Сурет: vlast.kz