«Антикор Орталығы»
алаңында ұйымдастырылған онлайн-диалог барысында елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қазір Нұр-Сұлтанда коронавирустың кезекті толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады zakon.kz ақпарат ресурсы.
Мұратовтың айтуынша, індеттің жаңа өршуі жағдайында елордада үш іс-әрекет жоспары дайындалды, олардың біріншісі 2 мың аурухана орындарын, екіншісі – қосымша 1040 орын.
Нұр-Сұлтан қаласы басшысының айтуынша, үшінші жоспар – covid-19-бен ауырғандары ауруханаға жатқызуға бейімделген барлық ықтимал үй-жайларды дайындау.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа толқыны жағдайында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының қоры толықтырылуда. Сонмен қатар, қосымша жедел жәрдем көліктері сатып алынуда.
Бұған дейін Тимур Мұратов коронавирус инфекциясын жұмыстан басқа жерде жұқтырған медицина қызметкерлеріне ақшалай өтемақы берілмейтінін айтқан болатын.
Сурет: zakon.kz