Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Еліміздің жоғары басшылығы реформалар стратегиясын одан әрі әзірлеуді талқылады

5 года назад
Высшее руководство страны обсудило дальнейшую разработку стратегии реформ

Мемлекет басшысының төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің төртінші отырысы өтті.

Ашық пікірталас форматында өткен іс-шара барысында шетелдік инвесторлар кеңесін жаңғырту жөніндегі жұмыс және инвестициялар тарту жөніндегі жүйелі шаралар туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді баяндады. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр шетелдік инвесторлар үшін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жүйелі шаралар туралы хабарлады. Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған экономикалық өсу мен реформалар моделі туралы өзінің көзқарасын ұсынды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов өз сөзінде BigData қолдана отырып, ұлттық статистиканы қалыптастыру процестерінің реинжинирингі тұжырымдамасын ұсынды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі жедел шаралардың жаңа пакетін әзірлеу туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Джордж Вашингтон университетінің профессоры, «Growth Dialogue» басқарушы директоры Дэнни Лейпцигер, жаһандық даму орталығының президенті Масуд Ахмед, «MIT Sloan» менеджмент мектебінің профессоры Атанасиос Орфанидис Қазақстанның экономикалық дамуы туралы өз баяндамаларын онлайн-режимде жасады.

Қатысушылардың баяндамалаарын тыңдаған соң, Президент күн тәртібіндегі мәселелерге және реформалар стратегиясын одан әрі әзірлеу перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Әр сөйлеушінің сөзі бойынша белсенді пікірталастар өтті, олардың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған бастамаларды жалпы мақұлдап, оларды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сурет: akorda.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын хабарлады

Келесі

Сарапшы премьердің зейнетақы туралы мәлімдемесі жайында: қартайғанда біз кедейлікте өмір сүретін боламыз

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.