Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра, zakon.kz.
Мемлекет басшысы “Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Өзара іс-қимылды үйлестіру Стандарттар жөніндегі бюро арқылы орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады. Мұндай тәсіл іске асырылатын мемлекетаралық стандарттарды орталықтандырылған есепке алуды, оларды пайдаланудың заңдылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы келісімді бекіту мынадай мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді: мемлекет үшін – мемлекетаралық стандарттарды заңды түрде сату, оларды қазіргі заманға бейімдеу үшін құқықтық негіз жасайды; бизнес үшін – шығастарды азайтады. Одақтың техникалық регламенттері үшін мемлекетаралық стандарттарды қолдану деңгейін арттырады.