Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін, – деп Tengrinews.kz хабарлайды.
“Ашық НҚА” порталында “Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы”Президент Жарлығының жобасы пайда болды.
Жарлықпен “Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі”республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта атау ұсынылады.
Құжат жобасы желіде 2020 жылдың 2 наурызында пайда болды. Ашық талқылау 17 наурызға дейін жалғасады.
Сурет: tengrinews.kz